/KASE, 26.09.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана) өзінің KZP12Y11D399 (KZ2C00002327, KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, SKKZb12, 1 000 теңге, 34,5 млрд теңге; 18.03.09 –
18.03.20; жылдық 6,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының
шығарылым аңдатпасына тіркелген өзгертулер мен толықтыруларын және
алдында берілгеннің орнына берілген, 2018 жылдың 24 қыркүйегіндегі
бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін
Биржаға ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасы Ұлтты Банкі (Ұлттық Банк) аталмыш
облигацияларды шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен
толықтыруларды тіркеді;
- аталмыш куәлік аталмыш облигациялардың айналыс мерзімі өзгеруіне
байланысты ауыстырылды;
- аталмыш облигациялардың айналыс мерзімі 11 жылдан 188 айға
өзгертілді;
- аталмыш облигациялардың KZP12Y11D399 ұлттық сәйкестендіру нөмірі
KZP12Y16D398 болып ауыстырылды;
- облигациялардың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,00 %-дан жылдық
9,25 % болып өзгертілді;
- купонды төлеу мерзімділігі жылына екі реттен жылына бір рет болып
өзгертілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер
мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды –
http://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkzf9_SKKZb12_izm_240918.pdf
[2018-09-26]