Ұлттық Банк "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZP10Y11D393 (KZ2C00002301, SKKZb10) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

26.09.18 16:25
/KASE, 26.09.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) өзінің KZP10Y11D393 (KZ2C00002301, KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb10, 1 000 теңге, 40,5 млрд теңге; 13.03.09 – 13.03.20; жылдық 6,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына тіркелген өзгертулер мен толықтыруларын және алдында берілгеннің орнына берілген, 2018 жылдың 24 қыркүйегіндегі бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлтты Банкі (Ұлттық Банк) аталмыш облигацияларды шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік аталмыш облигациялардың айналыс мерзімі өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - аталмыш облигациялардың айналыс мерзімі 11 жылдан 188 айға өзгертілді; - аталмыш облигациялардың KZP10Y11D393 ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZP10Y16D392 болып ауыстырылды; - облигациялардың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,00 %-дан жылдық 9,25 % болып өзгертілді; - купонды төлеу мерзімділігі жылына екі реттен жылына бір рет болып өзгертілді. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkzf9_SKKZb10_izm_240918.pdf [2018-09-26]