2018 жылдың 01 қазанынан бастап Қазақстан қор биржасы валюталық нарықта орталық контрагент ретінде өз қызметін бастауына байланысты KASE бірқатар ішкі құжаттары мен ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

21.09.18 15:17
/KASE, 21.09.18, 11.09.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 01 қазанынан бастап шетел валюталары нарығында орталық контрагент ретінде өз қызметін бастауына байланысты, Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасының қабылдаған шешімдерімен бекітілген, KASE бірқатар ішкі құжаттары мен ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі: 1) Биржа Басқармасының 2018 жылдың 20 наурызындағы шешімімен бекітілген, Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау жөніндегі комитет туралы қағидаға № 1 өзгерту; 2) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 13 шілдесіндегі шешімімен бекітілген, Клирингілік қатысушылар туралы қағиданың жаңа редакциясы; 3) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 13 шілдесіндегі шешімімен бекітілген, Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы қағида; 4) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 15 тамыздағы шешімімен бекітілген, Шетел валюталарының сауда-саттықтары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелерінің жаңа редакциясы; 5) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 13 шілдесіндегі шешімімен бекітілген, "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналысқа рұқсат етілген, қаржы құралдары тізімінің құрылымы туралы қағида; 6) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 13 шілдесіндегі шешімімен бекітілген, Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 1 өзгертулер мен толықтырулар 7) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілген, Деривативтер нарығында есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелері; 8) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілген, Банктік операцияларды жүргізу ережелерінің жаңа редакциясы; 9) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілген, Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері; 10) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілген, Қор нарығында Т+2 сызбасы бойынша мәмілелер жасасу тәртібінің жаңа редакциясы; 11) Биржаның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілген, Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға енгізілген № 1 өзгертулер мен толықтырулар. Жоғарыда аталмыш құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- сайтында "KASE ережелері" бөлімінде https://kase.kz/ru/kase_rules/ мекен- жайында жарияланады. [2018-09-21]