KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOM = 352,09 (-6,91), USDKZT_TOD – сұраным 358,07, CNYKZT_TOD = 51,3973 (-1,0785)

21.09.18 11:24
/KASE, 21.09.2018 / – Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. USDKZT_TOM үшін осы сессия негізгі болып табылады. Бүгін Қазақстан қор биржасында 24 қыркүйекте Қытай Халық Республикасында мереке күні болғандықтан (Күздің ортасы мерекесі) CNYKZT_0_001 құралымен сауда-саттық жүргізілген жоқ. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 18 мүшесі қатысты. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: - есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ (USDKZT_TOD) долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 352,09 (-6,91 теңге) теңге, сауда-саттық көлемі – 147 400 мың USD (+92 600 мың USD) құрады; - есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ (USDKZT_TOD) долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 358,07 теңге, ұсыным болған жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен (RUBKZT_TOD) ресей рубілі бойынша мәмле жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде баға белгілеу болған жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен қытай юані (CNYKZT_TOD) бойынша орташа сараланған бағам бір юаньға 51,3973 (-1,0785) теңгені құрады, сауда саттық көлемі – 1 100 мың юаньді (-450 мың юань) құрады. Валюталық своп операциялары нарығында: - CNYKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы жұмыс күніндегі сәйкес құралмен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. Аталмыш құралдар үшін аталмыш сессия негізгі болып табылады. [2018-09-21]