21 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін Қазақстан қор биржасында "GLOTUR DS MULTIMEDIA" АҚ KZ1C54320011 (GDMM) 536,0 млн жай акцияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

21.09.18 09:57
/KASE, 21.09.18/ – 21 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде "GLOTUR DS MULTIMEDIA" АҚ (Алматы) KZ1C54320011 ("Бейлистингілік бағалы қағаздар" санаты, GDMM секторы) жай акцияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. --------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың тұрпаты: артықшылықты акциялар Ұлттық сәкестендіру көмірі: KZ1C54320011 KASE сауда-саттық коды: GDMM Акциялардың жалпы саны, дана: – жарияланған: 1 340 000 000 – орналастырылған: 1 183 957 943 ----------------------------------- --------------------- Сауда-саттық датасы: 21.09.18 – 28.09.18 Сатудың жарияланған көлемі, дана: 536 000 000 Лоттың көлемі, дана: 1 Сауда-саттық заты: акция бағасы Сатуға өтінімдердің түрі: шектелімді Өтінімдер беру амалы: жабық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 21.09.18 – 27.09.18, 11:30–17:00 Өтінімдерді растау кезеңі: 21.09.18 – 27.09.18, 11:30–17:30 Кесім уақыты: 28.09.18, 15:00 Есептеу жүргізу уақыты: 28.09.18, 15:00 Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең, Биржаның қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық өткізудің бастамашысы: "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесінің секторы Eqs_Liq_ST3 Сауда-саттық жүйесінің тобы Nonlist_ST3 --------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, акциялардың теңгемен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен бір акцияның бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде акциялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі акция саны мен өтінім бағасының көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Қаржы құралының саны лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/issuers/GDMM/ мекен-жайында жарияланған. [2018-09-21]