"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZP03M75F219 (KZ2C00004380, TMJLb5) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

20.09.18 16:20
/KASE, 20.09.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 20 қыркүйегіндегі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZP03M75F219 (KZ2C00004380; 1 000 теңге, 75,0 млрд теңге; до 75 айға дейін; жылдық 9,25 %; 30/360) индекстелген облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 2016 жылдың 01 ақпанында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркелген бірінші облигациялық бағдарламасы аясында үшінші болып, және KASE листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің ішкі облигацияларының бесінші шығарылымы болып табылады. Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше TMJLb5 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-09-20]