Қазақстан қор биржасында "ForteBank" АҚ KZ2C0M76F918 (KZ2C00004364, ASBNb30) облигацияларын орналастырып, жазылым арқылы 44,0 млрд теңгені тартты

19.09.18 18:08
/KASE, 20.09.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда-саттық жүйесі модулінде "ForteBank" АҚ (Астана) KZ2C0M76F918 (KZ2C00004364, KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "облигациялар" санаты, ASBNb30; 1 000 теңге, 220,0 млрд теңге; 13.09.18 – 15.12.24, жылдық купон, жылдық 4,00 %, 30/360) алғашқы рет жазылым жүргізу арқылы орналастырылады. Аталмыш ноттарға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде "ForteBank" АҚ (Астана, әрі қарай – Сатушы) қатысады. Жазылым арқасында өтінім қабылдау 2018 жылдың 19 қыркүйегінде алматы уақытымен 11:30 -дан 14:00 –ге дейін жүргізіледі. Орналастырылған облигациялардың номиналдық көлемі – 44 000 000 000,0 теңге. Өтінімде бағасы ретінде бағалы қағаздардың номиналдық құнынан пайызбен көрсетілген, төртінші белгіге дейін дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза бағасы" көрсетілуі тиіс. Өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте сауда-саттық жүйесіне барлық орналастыруға ұсынылған көлемнің көлеміне бір өтінім келіп түсті. Өтінім белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі "таза емес" бағасы бір облигацияға 100,0667 % құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды. Орналастыру көлемі бойынша өтнім толық көлемде қанағаттандырылды. Сонымен, эмитент 44 000 000 облигацияны "таза емес бағамен" 100,0667 % 44 029 348 000,00 теңгеге орналастырды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді, жазылым аяқталды. [2018-09-20]