01 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ШЕТ ЕЛДІК ВАЛЮТАЛАР НАРЫҒЫНДА ОРТАЛЫҚ КОНТРАГЕНТ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУҒА КІРІСЕДІ

19.09.18 15:08
/KASE, 19.09.18, 11.09.18 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE, Биржа) 2016-2018 жылдарға арналған өзінің даму стратегиясын клирингілік қызметті кеңейту бөлігінде іске асыру шегінде 2018 жылдың 01 қазанынан бастап шетел валюталарының биржалық нарығында орталық контрагент (ОК) функциясын атқаруға кіріседі. Шетел валюталары нарығында ОК енгізу мақсаты –биржалық валюталық нарықта тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қалыптастыру арқылы сауда- саттыққа қатысушыларының бірі жасасқан мәміле бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, биржалық валюталық нарыққа қатысушыларының талаптарының отрындалуын кепілдеу болып табылады. Шетел валюталарының нарығында ОК енгізу Биржада өтімділіктің сенімділігі артады, биржалық нарықтың осы сегментінің жалпы дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Валюталық нарықта ОК енгізу жобасын іске асыру шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірге заңшығарушы базаны және нормативтік актілерді актуализациялау бойынша, KASE ішкі нормативтік базасын, оның ақпараттық жүйелерін елеулі жаңарту бойынша жұмыс жасалды, KASE қолданыстағы сауда-клирингілік жүйесі негізінде валюталық нарықта тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі әзірленді. Бұдан басқа, Биржа web-модуль әзірледі, сол арқылы клирингілік қатысушылар нақты уақыт тәртіптемесінде валюталық нарыққа қатысушылар өз міндеттемелерінің нарықтық құны, маржалық қамтудың құны және оның жеткіліктілігі, сондай-ақ нарықтық көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылатын, тәуекел-параметрлердің мәндері туралы ақпараттар алып отырады. Осы кезде Биржаның жеке лицензиясы шегінде бірнеше нарықтарда клиринг жүзеге асырылуда: қор нарығында (Т+2), валюталық нарықта және деривативтер нарығында. Клирингілік қызметтер көрсетуден басқа аталған нарықтарда KASE деривативтер нарығында орталық контрагент функциясын атқарады. Осы оқиғаға арналған баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында– http://kase.kz/files/press/ru/11_09_2018_KASE_CCP.pdf жарияланған. [2018-09-19]