/KASE, 17.09.17/ – 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап орындалуы
2019 жылдың наурузындағы Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай
мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ашылды:
- АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі;
- KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі
- KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші
санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне;
- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ1C33870011
(KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялар
фьючерсіне;
- "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі,
бірінші санат, KCEL) жай акциялары фьючерсіне;
- "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми
тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерсіне;
KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше
қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) F_USDKZT1903,
F_INKASE1903, F_GB_KZMS1903, F_HSBK1903, F_KCEL1903 және
F_KZTO1903 берілген.
Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен
жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар
белгіленді.
2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап _USDKZT1812, F_INKASE1812,
F_GB_KZMS1812, F_HSBK1812, F_KCEL1812 және F_KZTO1812
фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге
саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 14 желтоқсаны.
Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың
14 наурызы болып табылады.
Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері
Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық
бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін
өткізіледі
Биржалық сауда-саттыққа қатысу туынды қажы құралдарымен KASE
деривативті нарығына клирингтік қатысушылар қатыса алады, оладың тізімі
KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша
жарияланды.
Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері –
http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады.
KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі
құжаттарының мәтіні
http://www.kase.kz/ru/rules_kase мекен -жайында
("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.
[2018-09-17]