"Эксимбанк Казахстан" АҚ Қазақстан қор биржасының "қор" және "валюталық" санаты бойынша өз еркімен мүшеліктен шығарылды

10.09.18 15:59
/KASE, 10.09.2018/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің шешімімен "Эксимбанк Казахстан" АҚ 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап биржаның "қор" және "деривативтер" санаты бойынша мүшелігінен шығарылды. Яғни, "Эксимбанк Казахстан" АҚ бұдан кейін биржаның мүшесі болып табылмайды және шет ел валютасымен биржалық сауда- саттыққа қатыса алмайды. Аталмыш шешім 2018 жылдың 27 тамызындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы негізінде "Эксимбанк Казахстан" АҚ "Мүшелік туралы қағида" KASE ішкі құжатының 12 бабы 1) тармағы 1) тармақшасына сәйкес, "Эксимбанк Казахстан" АҚ 2017 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілген бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылуына байланысты қабылданды. [2018-09-10]