"AMF Group" АҚ өзінің KZP01Y07D994 (KZ2C00001592, AKFlb3) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

04.09.18 17:36
/KASE, 04.09.18/ - "AMF Group" АҚ (Астана) 2018 жылдың 04 қыркүйегінде өзінің KZP01Y07D994 (KZ2C00001592, AKFlb3) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 755 550 000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 730 000 000 теңгені, купондық сыйақысы – 25 550 000 теңгені құрады. [2018-09-04]