KASE Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру ережесі жобасын жаңа редакцияда жариялады

04.09.18 15:12
/KASE, 04.09.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өзінің интернет-сайтында Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру ережесі жобасын Биржаның клирингтік қатысушыларын алдын ала таныстыру үшін – http://kase.kz/files/normative_base/clearing_rules_new.pdf жаңа редакцияда жариялады. Ереженің жаңа редакциясы Биржаның валюталық биржалық нарығында орталық контрагентінің қызметін орындаудың басталуына байланысты, сондай-ақ есептеуі Т+2 сызбасы бойынша АҚШ долларымен еурооблигациялармен сауда-саттықты іске қосуға байланысты әзірленді. Ереженің жаңа редакциясы KASE Директорлар кеңесінің бекітуіне жатады және KASE Директорлар кеңесінің жеке шешімімен тағайындалған күннен бастап күшіне енеді, ол туралы қосымша хабарланады. Бұрын хабарлағандай, KASE Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 13 шілдесіндегі шешімдерімен Клирингтік қатысушылар туралы Ереже және Мүшелік жарна, биржалық және клирингтік алым туралы қағида жаңа редакцияда бекітілді, олар жаңа редакциядағы Ережемен бірге күшіне енетін болады. Аталмыш құжаттар KASE интернет-сайтында: - http://kase.kz/files/normative_base/clearing_participants_new.pdf – Клирингтік қатысушылар туралы Ереже жаңа редакцияда; - http://kase.kz/files/normative_base/tariff_new.pdf – Мүшелік жарна, биржалық және клирингтік алым туралы қағида. [2018-09-04]