KASE KASE_BM* СЕРИЯЛЫ индексің өкілетті тізіміне "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ KZ2C0Y10F369 (KZ2C00003739, PDENb2) ОБЛИГАциЯларын енгізДі

29.08.18 15:51
/KASE, 29.08.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE_BM* сериялы индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімге (бұдан әрі – Тізім) 2018 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ KZ2C0Y10F369 (KZ2C00003739, PDENb2) облигацияларын өкілеттік тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Аталмыш шешімге аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер баға белгілеуді анықтаумен байланысты қабылданды. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады: 1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы. 3) 2018 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериялы индикаторларының өкілеттік тізімі 40 атаулы облигациядан тұрады. 4) KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның облигациялары жоқ. 5) 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан, индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт индикатордан тұратын болуы тиіс. 6) Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен- жайында жаряланған. 7) Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында жаряланған. [2018-09-03]