Ұлттық Банк "Qazaq Banki"АҚ жеке тұлғаларының банктік шот ашуына, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға арналған лицензиясынан айырды

28.08.18 12:15
/KASE, 28.08.18/ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2018 жылдың 28 тамызында өзінің интернет-сатында төмендегі баспасөз хабарламасын жариялады: цитата басы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 171 қаулысына сәйкес «Qazaq Banki» АҚ-ты (бұдан әрі – Банк) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ішінде үш және одан да көп рет) тиісінше орындамағаны және пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2018 жылғы 27 шілдеде берген № 1.2.204/37 лицензиядан 2018 жылғы 28 тамыздан бастап айыру туралы шешім қабылданды. Банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен болуына байланысты (0,8%) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін тәуекелдері болмайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 326 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 28 тамыздан бастап тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді. Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап Банкті ұстауға жұмсалған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тарату ісінде ғана ұсынылады. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, осыған байланысты, депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Qazaq Banki» АҚ-тың уақытша әкімшілігінің басшысы Анфиса Леонидовна Отцоваға +7 (727) 380- 39-51, +7 (727)380-39-39 телефондары бойынша өтініш жасауға болады. +7 (727) 704 585 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz цитата соңы [2018-08-28]