"Ақтөбе мұнай өңдеу" АҚ KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, AKNPb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.08.18 10:05
/KASE, 20.08.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Ақтөбе мұнай өңдеу" АҚ (Ақтөбе) KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, AKNPb1, 10 000 теңге, 500,0 млн теңге, 18.08.15 – 18.08.18, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 16,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 20 тамызынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар 2015 жылдың 18 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "өзге борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE негізгі тізімінің негізгі сауда саттық алаңының "облигациялар" санатында орналасқан. Олардың сауда-саттықтары 2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап ашылған. [2018-08-20]