"Атамекен-Агро" АҚ өзінің KZP01Y10D329 (KZ2C00000248, KATRb2) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

17.08.18 17:36
/KASE, 17.08.18/ - "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) 2018 жылдың 17 тамызында өзінің KZP01Y10D329 (KZ2C00000248, KATRb2) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 4227732074 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 4011131000 теңгені, купондық сыйақысы – 216601074 теңгені құрады. [2018-08-17]