/KASE, 15.08.18/ –Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана), Қазақстан қор
биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Назарбаев Университетінің «Таза көмір технологиялары» зертханасында
«СамұрықЭнерго» АҚ-ның тапсырысы бойынша күлі көп көмірді жағуға
арналған айналмалы қайнау қабаты (АҚҚ) және қайнау қабаты (ҚҚ)
эксперименталды қондырғысы әзірленіп, іске қосылды.
Жобаның бірегейлігі – көмірді АҚҚ-ҚҚ қондырғыларында жағу технологиясы
Қазақстанда бұрын қолданылмағандығы, және оның табысты іске
асырылуы, күлі көп (50% және одан да жоғары) көмірді жағу және көмірді
байыту қалдықтарын жою үшін ҚҚ және АҚҚ қазандықтары бар ЖЭС
құрылысын бастауға қатысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Қондырғы іске қосылысымен Екібастұз кен орнының №3 қабатының күлі көп
көмірді жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағатын
құрылғыларының технологиясын әзірлеу жөніндегі «Nazarbayev University
Research and Innovation System» ЖМ мен «СамұрықЭнерго» АҚ-ның
бірлескен жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Жобаның екінші және үшінші
кезеңдері әзірленген қондырғыда эксперименттер өткізуге бағытталған.
Бүкіл бағдарламаны іске асыру кезеңі 2018-2020 жылдарға есептелген.
цитата соңы
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_150818_kz.pdf мекен-жайында
жарияланған.
[2018-08-15]