2018 жылдың 31 шілдесінен бастап Қазақстан қор биржасында ББҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылды

31.07.18 11:45
/KASE, 31.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды; 2018 жылдың 31 шілдесінен бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылды, репо Intraday операцияларының заты ретінде келесі бағалы қағаздар пайдалануға рұқсат етілді: - "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары; - "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары. - "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, BAST) жай акциялары; - "Казахтелеком" АҚ (Астана) KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTK). Репо операцияларына R_KCEL_000, R_KEGC_000, R_BAST_000 және R_KZTK_000 кодтары берілді. [2018-07-31]