Бүгін Қазақстан қор биржасында Халықаралық қаржы корпорациясының XS1831081408 қамтамасыз етілмеген жахандық амортизацияланған ноттарына жазылым жүргізіледі

26.07.18 09:46
/KASE, 26.07.18/ – Бқрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде (KASE немесе биржа) Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) XS1831081408 қамтамасыз етілмеген жахандық амортизацияланған ноттарына алғашқы рет жазылым жүргізу арқылы орналастырылады. Аталмыш ноттарға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде "Tengri Capital MB" АҚ (әрі қарай – Сатушы) қатысады. Орналастырылған ноттардың номиналдық көлемі – 8 577 000 000 теңге (номиналдық құны 1 000 000 теңге 8 577 дана). Өтінімде бағасы ретінде үтірден кейін екінші белгіге дейін дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген өтеу кірістілігі көрсетілуі тиіс. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде данамен көрсетілген облигациялар саны көрмсетілуі тиіс. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдердегі өткізу шарттары облигациялардың максималды саны үшін шектеулер белгіленбеген. Жазылым аясында өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 26 шілдесінде алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 17:30-ға дейін өткізіледі. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне берілген шектеулі және нарықтық өтінімдер жабық әдіспен қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қабылдау дәрежесі – 30%. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдер тізбесін ұсыну күні – 2018 жылдың 26 шілдесі сағат 18:00-ге дейін ALT; Биржаға Сатушы қанағаттандырған өтінімдер тізбесін ұсыну – 2018 жылдың 26 шілдесі сағат 19:30-ға дейін ALT; есептеулерді жүзеге асыру кезеңі – 2018 жылдың 01 тамызы. Есептеулер "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ орындалады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек Қазақстан қор биржасының "қор" мүшелері арқылы ғана беріледі. Қазақстан қор биржасы мүшелерінің толық тізімі санаттар бойынша http://www.kase.kz/ru/membership мекен- жайында жарияланған. Аталмыш жазылымды өткізу шарттары бойынша сатушыға аталмыш ноттарды ашқан инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкісінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы ұсынылады. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-07-25]