2018 жылдың 26 шілдесінен бастап Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJKY020179 (KOK024_017) облигациялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

25.07.18 17:59
/KASE, 25.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJKY020179 (KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KOK024_017, 1 000 теңге, 5 228 843 000,0 теіге, 16.09.16 – 16.09.18, жартыжылдық купон, жылдық 0,15 %, 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 26 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Қызылорда облысының қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі ресми хатпен Қазақстан қор биржасына 2018 жылдың 04 шілдесінде аталмыш облигациялардың мерзімінен бұрын өтелгені туралы хабарлады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2018 жылдың 13 шілдесінде аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді растады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2016 жылдың 16 қыркүйегінен бастап енгізілді. [2018-07-25]