2018 жылдың 26 шілдесінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJKY020137 (SKK024_013) облигациялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

25.07.18 17:58
/KASE, 25.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJKY020137 (KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SKK024_013, 1 000 тенге, 3 399 482 000,0 тенге, 05.08.16 – 05.08.18, жартыжылдық купон, жылдық 0,15 %, 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 26 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі ресми хатпен Қазақстан қор биржасына 2018 жылдың 24 шілдесінде аталмыш облигациялардың мерзімінен бұрын өтелгені туралы хабарлады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2018 жылдың 20 шілдесінде аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді растады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2016 жылдың 05 тамызынан бастап енгізілді. [2018-07-25]