2018 жылдың 20 шілдесінен бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында ISIN және Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси) GG00BD3DTC15 (GG_FERR) жай акцияларының саны туралы ақпарат өзгертілді
20.07.18 14:49
/KASE, 20.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2018 жылдың 20 шілдесіндегі шешімімен KASE сауда-саттық жүйесі мен
мәліметтер базасында Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси)
GG00BD3DTC15 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы,
GG_FERR):
- аталмыш акциялардың халықаралық сәйкестендіру номері (ISIN)
GG00BD3DTC15 номерінен GG00BGDYDZ69 номеріне өзгертілді;
- жарияланған акциялардың жалпы саны және акциялар саны айналымда
1 525 225 данадан 305 045 000 данаға өзгертілді.
Аталмыш шешім компанияның 2018 жылдың 13 шілдесіндегі компанияның
жай акцияларына жаңа ISIN беру туралы, сондай-ақ оларды айырбастау
және бөлшектеу жөніндегі хаты негізінде қабылданды.
[2018-07-20]