/KASE, 19.07.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Алматы) KZP01Y10E988
(KZ2C00003325, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты,
EXBNb4) облигацияларды 2017 жылдың 30 желтоқсанынан 2018 жылдың 29
маусымына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2018 жылдың
16 шілдесіндегі ескерту хатының көшірмесін биржаға ұсынды.
Ұсынылған хатқа сәйкес аталмыш облигацияларды орналастыру есептік
кезеңде жүргізілген жоқ. 2018 жылдың 29 маусымындағы жағдай бойынша
облигациялардың 287 030 860 данасы орналастырылмаған.
Аталмыш хат KASE интернет-сайтында жарияланған –
http://kase.kz/files/emitters/EXBN/exbn_placement_results_160718_%20EXBNb4_2565.pdf
[2018-07-19]