"ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ "БИРЖАЛЫҚ БӘЙГЕ" АТТЫ КОНКУРС ӨТКІЗУ УАҚЫТЫН 2018 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚЫРКҮЙЕГІНЕ ДЕЙІН ҰЗАРТҚАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

18.07.18 17:05
/KASE, 18.07.18/ – "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін "Биржалық бәйге" үздік инвестициялық стратегиясы республикалық конкурсын өткізетіні туралы хабарлады. Конкурс Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық алаңында өткізіледі. Аталмыш шешімді "Фридом Финанс" АҚ Директорлар кеңесі қазақстан қор нарығын халық арасында кеңінен таныстыру және конкурсқа қатысуға жеке инвесторларды көбірек тарту мақсатында қабылдады. Бұрын осы тақырыпта 2018 жылдың 26 сәуірінде "2018 жылдың 02 сәуірінен 20 тамызына дейін "ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ "БИРЖАЛЫҚ БӘЙГЕ" атты конкурс өткізеді" атты KASE жаңалығы жарияланды – http://kase.kz/ru/news/show/1368083/ [2018-07-18]