/KASE, 12.06.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы),
Қазақстан қор биржасына төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Қазақстандық «led system media» ЖШС Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму
бағдарламасының халықаралық экологиялық жобасы шеңберінде пайыздық
мөлшерлемесін субсидиялады. Пайыздық мөлшерлеме жылына 14,5% құрайды,
оның 10%-ын «Даму» қоры өтейді. Құны 34 млн теңге болатын экологиялық
жобаны «Сбербанк» АҚ ЕБ 3 жылға қаржыландырады. Сондай-ақ, компания 17
млн теңгеге «Даму» қорының кепілдігін пайдаланды. Бөлінген қаражатқа жарық
диодты шамдар шығарушы ЖШС мемлекеттік-жеке меншік серіктестік
шеңберінде «Transport Tower» (Астана қ.) әкімшілік-технологиялық кешенінің
жарықтандыру жүйесін жүргізбек. Жарықтандыруды жаңартқан соң ғимараттың
жартысынан көп бөлігі (52%) энергия тұтынуды азайтады.
«Энергия үнемдеу саласында жүзеге асырылатын жобаларды
қаржыландыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы даму
бағдарламасының қаржылық қолдауының арқасында жүзеге асты. Қор мен
«Сбербанк» АҚ ЕБ және басқа қазақстандық ЕДБ арасындағы үйлесімді әрекет
кәсіпкерлерге энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге
асыру үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді. Соның
арқасында Қазақстанның Ішкі жалпы өніміндегі (ЖІӨ) энерго шығындарын
азайтуға көмектеседі. Жекелеген нысандарда, мысалы, әлеуметтік бағыттағы
мекемелерде, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттары бар үлкен аумақтарда
энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін жобаларды ұсынатын кәсіпкерлер әлі де
көп болады деп үміттенеміз,-деді «Даму» қоры Басқарма Төрағасының
орынбасары Дәулет Әбілқайыров.
цитата соңы
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен интернет-сайтта
http://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_180718_kz.pdf мекен-жайында
танысуға болады.
[2018-07-18]