"КазТрансГаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.07.18 12:07
/KASE, 18.07.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансГаз" АҚ ("КазТрансГаз" АҚ , бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C41310018 жай акцияларының жалпы саны 352 547 508 дана; - компанияның 351 540 791 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады. [2018-07-18]