KASE Директорлар кеңесі Биржалық қызметті жүзеге асыру ережесіне түзетулерді бекітті

17.07.18 17:47
/KASE, 17.07.18/ – Қазақстан қор биржасының Директорлар кеңесінің (KASE) 2018 жылдың 13 шілдесіндегі шешімімен KASE жаңа ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне" (Ережелер) №1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер валюта нарығында орталық контрагент ретінде KASE қызметінің басталған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ол туралы қосымша хабарланады. Аталмыш түзетулер орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру кезінде және Ереже мәтінін KASE жаңа ішкі құжаты "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналымға рұқсат етілген қаржы құралдырының тізімінің құрылымы туралы қағидаға" сәйкестендіру мақсатында енгізілді". Сонымен қатар, қағидаға редакциялық және анықтаушы түзетулер енгізілді. Ереженің жаңартылған мәтіні таяу уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-07-17]