ХАБАРЛАМА: 2018 жылдың 17 тамызында "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

16.07.18 17:37
/KASE, 16.07.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әір – Биржа) ақарушы органы (Басқарма) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат, өз акционерлеріне, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) заңының 37 бабының 2 тармағы 1) тармақшасына және 41 бабына сәйкес, Биржаның Директорлар кеңесінің бастамасымен (2018 жылдың 13 шілдесіндегі № 22 отырыс хаттамасы) Биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болып өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыс 2018 жылдың 17 тамызында, алматы уақытымен 15.00-де, мына мекен-жайда болы өтеді: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 1 ші қабат. Күн тәртібі: 1. Биржаның жарғысына №4 өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. 2. Биржаның 2бағалы қағаздарын айырбастау тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ондай шарттары мен тәртібін өзгерту туралы. 3. Биржаның жай акцияларға айырбасталған бағалы қағаздарын шығару туралы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 17 тамызында Алматы уақытымен жиналыс өтетін жерде сағат 14:00-ден бастап 14:45-ке дейін жүргізіледі. Кворум жиналмаған жағдайда жиналыс 2018 жылдың 20 тамызында Алматы уақытымен сағат 15:00-де, сол мекен-жай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 20 тамызында Алматы уақытымен сағат 14:00-ден бастап 14:45-ке дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысушылардың тізімі 2018 жылдың 01 тамызында алматы уақытымен сағат 00.00-дегі жағдай бойынша жасалады. Күн тәртібіндегі материалдармен, жиналыс өтер алдында кемінде он күн бұрын, биржаның орналасқан жерінде танысуға болады. Жиналыс өткізу туралы толық мәтінмен Биржаның интернет-сайтында қазақ тілінде – http://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_170818_kaz.pdf орыс тілінде – http://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_170818.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2018-07-16]