"Каспий нефть" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
12.07.18 11:34
/KASE, 12.07.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Каспий нефть" АҚ (Атырау, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C28830012 жай акцияларының жалпы саны 100 000
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Precious Oil Products B.V. болып табылады.
[2018-07-12]