"Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
12.07.18 10:28
/KASE, 12.07.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ ("Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ,
бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C50590013 жай акцияларының жалпы саны 28 268 573
дана;
- компанияның 27 595 700 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға К.Х. Ракишев болып табылады.
[2018-07-12]