"Жетiсу" зейнетақылық активтермен инвестициялық басқаруды жузеге асыратын ұйым" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
11.07.18 16:30
/KASE, 11.07.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Жетiсу" зейнетақылық активтермен инвестициялық басқаруды жузеге
асыратын ұйым" АҚ ("Жетiсу" зейнетақылық активтермен инвестициялық басқаруды
жузеге асыратын ұйым" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C32750016 жай акцияларының жалпы саны 131 250
дана;
- компанияның 99 626 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады.
[2018-07-11]