2018 жылдың 01 қазанынан бастап Биржалық ақпаратты тарату Ережесіне толықтырулар қолданысқа енеді

11.07.18 15:13
/KASE, 11.07.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2018 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен 2018 жылдың 01 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін KASE ішкі құжаты "Биржалық ақпаратты тарату Ережесі" (Ереже) № 9 (толықтыру) бекітілді. Аталмыш толықтырулармен аталмыш ақпаратты тарату құқығымен және тарату құқығынсыз "Корпоративтік оқиғалар" ақпараттық өніміне алым мөлшерлемесі бекітілді. Жаңартылған Қағида мәтіні KASE интернет-сайтында таяу уақытта жарияланады. [2018-07-11]