"Joint Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.07.18 16:19
/KASE, 10.07.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Joint Resources" АҚ ("Joint Resources" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60620016 жай акцияларының жалпы саны 1 008 859 дана; - компанияның 1 007 889 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Т.Кулибаев болып табылады. [2018-07-10]