"КоЖаН" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

04.07.18 16:15
/KASE, 04.07.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КоЖаН" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C59860011 жай акцияларының жалпы саны 11 748 046 дана; - компанияның 10 748 046 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Матен Петролеум" АҚ болып табылады. [2018-07-04]