"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өзінің KZP02Y05E590 (KZ2C00002483, KTGAb1) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

02.07.18 14:11
/KASE, 02.07.18/ - "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) 2018 жылдың 29 маусымында өзінің KZP02Y05E590 (KZ2C00002483, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, KTGAb1) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 464822700 теңгені құрады. [2018-07-02]