"Altyn Bank" ("Қазақстан Халық Банкі" ЕБ АҚ ) АҚ KZ2C0Y03F349 (KZ2C00003697, ATBNb1) және KZ2C0Y03F356 (KZ2C00003689, ATBNb2) облигациялары 2018 жылдың 19 маусымынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
18.06.18 17:24
/KASE, 18.06.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Altyn Bank" ("Қазақстан
Халық Банкі" ЕБ АҚ ) АҚ (Алматы, әрі қарай - банк) облигациялары
айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 19
маусымынан бастап төмендегі облигациялары KASE ресми тізімінен
шығарылатыны туралы хабарлайды:
- KZ2C0Y03F349 (KZ2C00003697, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"облигациялар" санаты, ATBNb1);
- KZ2C0Y03F356 (KZ2C00003689, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"облигациялар" санаты, ATBNb2).
KASE 2018 жылдың 07 маусымындағы қорытындысы бойынша KASE
банктен келесі құжаттарды алғаны анықталды:
- аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы 2018
жылдың 29 мамырындағы өтініші;
- "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ хабарламасының
көшірмесі 2018 жылдың 29 мамырындағы жағдай бойынша
жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін барлық аталмыш
облигациялар банктің шотында болады;
- Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 25 мамырындағы
отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесі, онда аталмыш облигацияларды
делистингілеу туралы шешім қабылданған;
Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік
ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.
Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2016 жылдың 07 қыркүйегінен
бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген,
2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-
саттық алаңының "облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда-
саттықтары 2016 жылдың 19 қазанынан бастап ашылған.
[2018-06-18]