"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Сбербанк ШОБ қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламаларының аясында 2018 жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлерді 5,6 млрд.теңгеден астам сомамен қаржыландырды

12.06.18 11:51
/KASE, 12.06.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2018 жылдың 12 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... «Сбербанк» АҚ ЕБ 2018 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдеріне қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламалары аясында 150 кәсіпкерді жалпы 5,6 млрд.теңгеден астам соммамен қаржыландырды. Банк негізінен өңдеу кәсіпорындарындағы жобаларды қаржыландырды, олардың қатарында: азық-түлік өнімдерін, автокөлік құралдарын, болаттан жасалған бұйымдарды, фармацевттік дәрі-дәрмектерді және т.б. өндіру сияқты салалар бар. Аталған қаражаттан, өңдеу кәсіпорындарындағы несиелендіру бағдарламалары аясында 24 заемшының жобасы 2,4 млрд. теңгеден астам сомамен қаржыландырылды. «Сбербанк, жеке, сондай-ақ мемлекеттік несиелендіру бағдарламалары есебінен қазақстандық кәсіпкерлерді қаржыландыруға белсенді түрде ат салысуда, - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Орынбасары Ельдар Тенизбаев, - Осы арқылы Банктің біздің заемшыларымыздың әрі қарай дамуы мен гүлденуіне, олардың сапа жағынан өсуіне мүдделі екені көрінеді, өйткені нәтижесінде ол несие портфелінің сапасына оң әсерін береді». «Сбербанк» АҚ ЕБ екінші деңгейлі қазақстандық банктер арасында "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында несиелендіру көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Осылайша, осы жылдың наурыз айындағы бұл көрсеткіш 437 млрд. теңгеден асып кетті. Сбербанк бірнеше жыл бойы қазақстандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламаларына белсенді түрде қатысқаны үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан бірнеше рет марапатталды. Осы жылы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша ең тәжірибелі банк – 2018» номинациясында марапатқа ие болды (фотосуретте)» ... [2018-06-12]