/KASE, 05.06.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "KM GOLD" АҚ (Алматы, әрі қарай – компания),
биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк)
2018 жылдың 28 мамырындағы хатының көшірмесін ұсынды, онда:
- Ұлттық Банк компанияның акцияларының 2017 жылдың 10
қазанынан 2018 жылдың 09 мамырына дейінгі кезеңде
орналастырылмағаны туралы ақпаратты назарға алды;
- 2018 жылдың 09 мамырындағы жағдай бойынша компанияның
65 100 000 жай акциясы орналастырылмаған.
Аталмыш хат KASE интернет-сайтында жарияланды –
http://kase.kz/files/emitters/KMGD/kmgd_placement_results_280518_KMGD_50260013.pdf
[2018-06-05]