30 мамырдан бастап Еуразиялық даму банкінің KZP01Y03E900 (EABRK120621_1), KZP02Y03E908 (EABRK120621_2) және KZP07Y03E907 (EABRK120621_3) облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

30.05.18 10:27
/KASE, 30.05.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 30 мамырындағы шешімімен Еуразиялық даму банкінің облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді: - KZP01Y03E900 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады; 360/30); - KZP02Y03E908 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады; 360/30); - KZP07Y03E907 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады; 360/30). Аталмыш облигациялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 2015 жылдың 20 ақпанында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркелген, Еуразиялық даму банкінің екінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші, екінші және жетінші болып табылады. Осы облигацияларға EABRK120621_1, EABRK120621_2 және EABRK120621_3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Еуразиялық даму банкінің қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ жарияланады. [2018-05-30]