"Фридом Финанс" АҚ KZP02Y03F541 (KZ2С00004257, FFINb3) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына 29 мамырынан бастап енгізілді

29.05.18 10:54
/KASE, 29.05.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 24 мамырындағы шешімімен "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZP02Y03F541 (KZ2С00004257; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 29.05.18 – 29.05.21; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда- саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 29 мамырынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше FFINb3 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/bonds/show/FFINb3/ мекен- жайында танысуға болады. [2018-05-29]