Банк ВТБ еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) Masterсard төлем карточкаларын шығарғаны туралы хабарлады

28.05.18 17:33
/KASE, 28.05.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) Қазақстан қор биржасына (Алматы), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Банк ВТБ (Қазақстан) Masterсard халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын шығаруды бастады. Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма мүшесі, Бөлшек бизнес департаментінің Директоры Артем Бадыков: «Банктің меншікті эмиссиясы біздің клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Masterсard – әлемдегі ең танымал төлем жүйелерінің бірі, оның карточкаларымен 210-нан асатын елдерде төлем жасауға болады. Біз жанасусыз төлеу технологиясы бар Mastercard карталарын шығарамыз, сол себептен сатып алуларды бұрынғыдан да жылдам және қолайлы төлеуге болады. Одан басқа Интернетте тауарлар мен қызметтерді төлеуді жүргізу кезінде карталарды ұстаушылар төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Masterсard SecureCode технологиясымен қорғалған» - деп атап өтті. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_280518_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-05-28]