"SkyBridge Invest" АҚ "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (RDGZ) жай акцияларын және US48666V2043 (RDGZd) жахандық депозитарлық жазылымды кері сатып алу бойынша KASE тендерлік ұсынымдардың қорытындысы туралы хабарлады

25.05.18 17:15
/KASE, 25.05.18/ – "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ (Астана) жай акцияларын және жахандық депозитарлық жазылымды сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүргізу бастамашысы "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ жай акциялары мен ЖДҚ сатып алу бойынша корпоративтік брокер "SkyBridge Invest" АҚ, "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (RDGZ) жай акцияларын және US48666V2043 (RDGZd) жахандық депозитарлық жазылымды кері сатып алу бойынша мәміле табысты аяқталғаны туралы хабарлады. 2017 ж. 8 желтоқсанында ҚМГ БӨ ЖДҚ ұстаушыларына өздері шығарған ЖДҚ шартты тендерлік ұсыным бойынша бір ЖДҚ 14,00 АҚШ долларымен сатып алу бойынша ұсынысымен жүгінді. ("Тендерлік ұсыным"). 2018 жылдың 23 қаңтарында ҚМГ БӨ тендерлік ұсыным шарттары қанағаттандырылғанын және тендерлік ұсыным шартсыз орындалғаны туралы хабарлады. Сондай-ақ бұл күні жай акцияларын ұстаушыларға теңгемен төленетін бір жай акцияға 84,00 АҚШ доллары бағасымен сатып алу ұсынысын хабарлады. ... Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1370854/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-05-25]