"Казкоммерцбанк" АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанынан өзінің қаржылық қызметінің қорытындысы туралы хабарлады

25.05.18 17:14
/KASE, 25.05.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), өзінің 2018 жылдың 22 мамырында төмендегі туралы биржаға хабарлады: ... Қазкоммерцбанк («ККБ» немесе «банк») ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген 2018 жылғы алғашқы үш айдағы қызметінің нәтижелерін жариялады. «Банктің негізгі қаржы көрсеткіштерінің жағымды өсімі 2017 жылдың екінші жартыжылдығында түйткілді қарыздарды реттеу мақсатында жасалған операциялық шығындарды оңтайландыруды іс-жүзіне асыру шараларының нәтижесінде бірқатар қымбат түйткілді кредиттердің өтелуінен пайда болды. Сол уақытта Банк ХҚЕС 9 енгізу аясында қосымша 27,6 млрд теңге көлемінде жеткілікті қорды жасақтады. Сонымен қатар, Қазкоммерцбанк клиенттер үшін ұсыныстарды арттыруды және жетілдіруді жалғастыруда. Өткен жылдың аяғында іс-жүзіне асырған бірақатар жаңа заманауи өнімдер мен сервистер клиенттердің тарапынан қызығушылық пен сұранысқа ие болды. Міне, осы Halyk және Qazkom танымал сервистері қос банктің бірігу жұмыстарының аясында дамуға жаңа серпін алатын болады», - деді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка. ... Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_250518_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-05-25]