"Фридом Финанс" АҚ "Standard" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының KZ1C56470012 (KZ1C00000801, STND) жай акциялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

24.05.18 17:23
/KASE, 24.05.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2018 жылдың 21 маусымынан бастап "Фридом Финанс" АҚ KZ1C56470012 (KZ1C00000801, KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, STND) "Standard" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының (Алматы) бағалы қағаздары бойынша биржадағы маркет-мейкерінің міндеттерін атқарудын босатылды: Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің осы мәртебеден өз еркімен бас тартуы негізінде қабылданды. [2018-05-24]