БРОКЕРЛІК ҰЙЫМДАРҒА KASE ШЕТ ЕЛДІК ВАЛЮТАЛАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕДІ

21.05.18 15:32
/KASE, 21.05.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) таяу уақытта брокерлік ұйымдарға KASE валюталық нарығына сауда-саттыққа қатысуға рұқсат берілетін болады. Брокерлік ұйымдарға валюталық нарықтың биржалық сауда-саттығына қатысу құқығын беруге қатысты тиісті түзетулер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 03 ақпанындағы №9 қаулысымен бекітілген бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру Ережесіне енгізілді. Түзетулер 2018 жылдың 22 сәуірінен бастап күшіне енгізілді. Қазіргі уақытта брокерлік ұйымдар KASE шет ел валютасымен сауда- саттыққа рұқсат алу үшін, төмендегілер қажет: - ұлттық және шет елдік валютамен банктік операцияларын жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясын алу; - қазақстан қор биржасында "валюталық" санаты бойынша мүшелік рәсімінен өту. Мүшелік жарна және биржалық аламдар туралы Қағидаға (Қағида) сәйкес брокерлік ұйым үшін "валюталық" санаты бойынша кірме мүшелік жарна 1 500 АЕК құрайды, ай сайынғы мүшелік жарна "валюталық" санаты бойынша В – 25 АЕК құрайды. Сонымен қатар, шет елдік валюталар бойынша операциялар бойынша KASE комиссиялық алым брокерлік ұйым жасаған әрбір мәміле сомасынан 0,0005 % мөлшерлеме бойынша жүргізіледі. Егер осындай брокерлік ұйым қандай да бір мәміле бойынша бір уақытта сатушы және сатып алушы болса, онда осы мәміле бойынша комиссиялық алым екі рет төленеді – сатушы және сатып алушы ретінде. Брокерлік ұйымдардың валюталық нарық сауда-саттығына қатысу үшін келесі шарттар қарастырылған: - сатылатын және сатып алынатын шет елдік валютаны алдын ала жеткізу шарттарымен сауда-саттық бойынша есептеулер жүргізу; - нетто-сатып алу көлемін шектеу күніне – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сол күнгі ресми бағамы бойынша теңге баламасымен брокерлік ұйымның бір клиентіне 100 000 АҚШ долларынан көп емес. Қазіргі уақытта брокерлік ұйымдар биржалық валюталық нарықтың сауда- саттық жүйесіне қосыла алады. Бұрын хабарлағандай, брокерлік ұйымдар биржалық валюталық нарыққа енгізу шарттарын реттеу үшін келесі KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер енгізілді: - Мүшелік туралы жарна – https://kase.kz/files/normative_base/members.pdf - Биржалық алым және мүшелік жарна туралы Қағида – https://kase.kz/files/normative_base/tariff.pdf - Шет елдік валюталармен сауда-саттық бойынша есептесулер жүргізу Ережесі – https://kase.kz/files/normative_base/dmoney.pdf [2018-05-21]