2018 жылдың 14 наурызынан бастап "Фридом Финанс" Инвестициялық компаниясы" ААҚ Қазақстан қор биржасының бағалы қағаздарымен сауда-саттығына қатысуға жіберілді

21.05.18 17:47
/KASE, 21.05.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Фридом Финанс" Инвестициялық компаниясы" ААҚ (Алматы) 2018 жылдың 14 наурызынан бастап KASE бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысуға жіберілді. Осы шешім "Фридом Финанс" Инвестициялық компаниясы" ААҚ "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 8 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындауына байланысты қабылданды. Бұдан бұрын осы тақырыпта 2017 жылдың 15 желтоқсанындағы "Фридом Финанс" Инвестициялық компаниясы" ААҚ "қор" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды" KASE жаңалығы жарияланды – http://kase.kz/ru/news/show/1361823/ [2018-05-21]