2018 жылдың 17 мамырынан бастап Мүшелік жарна және биржалқ алым туралы Қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

17.05.18 14:51
/KASE, 17.05.2018/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) 2017 жылдың 16 мамырындағы шешімімен "Мүшелік жарна және биржалқ алым туралы Қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 14 толықтырулар (түзетулер) бекітілді, осы өзгертулер 2018 жылдың 17 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулер биржалық жарналар мен броекерлік ұйымдар үшін оларды KASE валюталық нарығына жіберу кезінде биржалық алымдар мен биржалық жарналар көлемінің мөлшерлемесін анықтау мақсатында енгізілген. Түзетулерге сәйкес брокерлік ұйымдар үшін "валюталық" санаты бойынша мүшелік жарна 1 500 АЕК, "валюталық" санаты бойынша мүшелік үшін ай сайынғы мүшелік жарна – 25 АЕК құрайды. Сонымен қатар, брокер KASE комиссиялық аламын әрбір жасалған мәміле сомасынан 0,0005 % мөлшерлемесі бойынша төлейді. Егер KASE ондай мүшесі қандай да бір мәміле бойынша бір уақытта сатушы және сатып алушы болса, онда осы мәміле бойынша комиссиялық алымды ол екі рет төлейді – сатушы және сатып алушы ретінде. Қағиданың жағартылған мәтіні KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/normative_base/tariff.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-05-17]