17 мамырдан бастап банктік операцияларды жүргізу Ережесіне түзетулер қолданысқа енгізіледі

17.05.18 12:24
/KASE, 17.05.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 16 мамырындағы шешімімен "Банктік операцияларды жүргізу Ережесі" (Ереже) атты KASE ішкі құжатына өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) бекітілді, 2018 жылдың 17 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2016 жылдың 31 тамызындағы №207 қаулысымен бекітілген талаптарына сәйкестендіруге және Ережелер мәтінін актуалдандыру мақсатында енгізілген. Аталмыш түзетулер: 1) банк шотын ашуға талап етілген құжаттардың санын қысқарту; 2) KASE клиентінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы сауалнамасын ұсыну бойынша талабын жою . Сонымен қатар, Ережелер мәтініне редакциялық түзетулер енгізілді. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жақын уақытта жарияланады. [2018-05-17]