16 мамырда KASE 2018 жылдың сәуір айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді

15.05.18 09:32
/KASE, 15.05.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 16 мамырында сағат 10:00 – де 2018 жылдың сәуір айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді. Аталмыш іс-шара KASE конференц-залында мына мекен-жайда өтеді: Алматы қ, Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE жаңа пресс-румы. Биржа 2017 жылдың мамыр айынан бастап, тұрақты түрде ай сайын KASE қызметі туралы өзекті мәселелерді, биржалық нарықтағы трендтер туралы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен әрі қарай серіктестік қарым- қатынас орнату үшін медиа-брифинг өткізіп тұрады. Биржаның ай сайын медиа-брифингтерді өткізуі оның ақпараттық айқындылық саясаты мен ашықтылығының бір бөлігі болып табылады. [2018-05-15]