2018 жылдың 30 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатынын ескертеді

14.05.18 15:36
/KASE, 14.05.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әір – Биржа) ақарушы органы (Басқарма) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 8ші қабат, өз акционерлеріне, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" заң) заңының 37 бабының 3 тармағына және 41 бабына сәйкес, Биржаның Директорлар кеңесінің бастамасымен (2018 жылдың 13 сәуіріндегі № 13 отырыс хаттамасы) Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болып өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыс 2018 жылдың 30 мамырында, алматы уақытымен 15.00-де, мына мекен-жайда болы өтеді: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 1 ші қабат. Күн тәртібі: 1. Биржаның 2017 жылдағы қызметі туралы. 2. Биржаның 2017 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы. 3. Биржаның 2017 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібі туралы. 4. Биржаның 2018 жылда жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы. 5. Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері. 6. Биржаның Директорлар кеңесінің және Басқармасы мүшелеріне сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат. 7. Директорлар кеңесі туралы Қағидаға өзгертулер енгізу туралы. 8. Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2017 жылға сыйақы беру туралы. 9. Директолар кеңесінің сандық құрамын, оның мүшелерінің өкілеттілік мерзімін анықтай, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 30 мамырында Алматы уақытымен жиналыс өтетін жерде сағат 14:00-ден бастап 14:45-ке дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысушылардың тізімі 2018 жылдың 15 мамырында алматы уақытымен сағат 00.00-дегі жағдай бойынша жасалады. Кворум жиналмаған жағдайда жиналыс 2018 жылдың 31 мамырында Алматы уақытымен сағат 15:00-де, сол мекен-жай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 31 мамырында Алматы уақытымен сағат 14:00-ден бастап 14:45-ке дейін жүргізіледі. Күн тәртібіндегі материалдармен, жиналыс өтер алдында кемінде он күн бұрын, биржаның орналасқан жерінде танысуға болады. Жиналыс өткізу туралы хабарламаның толық мәтінмен Биржаның интернет- сайтында http://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300518_kaz.pdf мекен- жайында танысуға болады. Жиналыстың күн тәртібіне толықтырулар туралы хабарламаның толық мәтінмен Биржаның интернет-сайтында https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300518_izm_kaz.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2018-05-14]